ИП "MEDIA"
Ақпарат Қоғам

«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БЕТ-БҰРЫС»

Ордабасы ауданында облыстық семинар өттіОрдабасы ауданында ұлттың ұлы мұраты – ұрпақ тәрбиесіне арналған «Ұрпақ тәрбиесіндегі бет-бұрыс» атты облыстық семинар өтті. Ел болашағын баянды етудің басты тетігі – тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру екенін алға тартқан бұл басқосу қоғамдағы тәрбие үдерісіне жаңа серпін беруді көздеді.Семинарды аудан әкімінің орынбасары И.Тұрнияз ашып, жүргізді.

🔹 Негізгі баяндаманы облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Б.Раманқұлов жасап, ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіру жолындағы ардагерлердің рөліне кеңінен тоқталды.Шараға облыстық «Әжелер алқасының» төрайымы Б.Байтенова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Л.Қашқынбаев, пленум мүшелері, «Әкелер мектебі» мен «Әжелер алқасы» өкілдері, ардагерлер ұйымдарының мүшелері және жергілікті әкімдік өкілдері қатысты.

🔹 Семинар барысында қатысушылар ұлттық тәрбие, отбасы мен мектептің өзара байланысы, отбасылық институттың маңызы, сондай-ақ тәжірибе алмасу бағытында тың ұсыныстарын ортаға салды.

🌿 Аға буынның ақыл-кеңесіне, өнегесіне сүйене отырып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен ізгілікті, ұлттық рух пен елдік сананы дарыту – бүгінгі күннің басты міндеті. Осы орайда өткен семинар тәрбиелік мәні зор, мазмұны терең алаңға айналды.

🌿 Бұл тағылымы мол басқосу – ұлт болашағының кемел болуы үшін ұрпақ тәрбиесіне тың серпін беретін игі қадам болды.#ordabasy_audany#ordabasy_jastary

Қатысты жаңалықтар

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕШЕНДІ ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

Mega Polis

Жаңа Конституцияны қолдауға қатысты әр партияның өз ұстанымы бар

Mega Polis

Шымкент қаласында оқушыларға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Mega Polis