ИП "MEDIA"
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ЖАНДАНАДЫ

Түркістан облысында тарихи-мәдени бағыттағы туристік жобалардың әлеуеті жандана түсуде. Бұл тақырып облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте егжей-тегжейлі талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары туризм саласын дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелеуді, жауапты құрылымдардың жобаларды нақты кестеге сай жүзеге асыруын қатаң қадағалауды тапсырды.

«Туристік әлеуетті дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелеңіздер. Өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер мен орындардың әлеуетін толық пайдаланған жөн. Түрлі креативті жобалар, халықаралық деңгейдегі мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыруды назарға алыңыздар. Бұл – нақты тапсырма. Жақында Түркістанда халықаралық талапқа сай атшабар ашылады. Бұл – үлкен мүмкіндік», – деді Ертай Кенжебекұлы.

Облыс туризмінде оң динамика байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда туристер саны 830,1 мың адамға жетіп, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (733,2 мың адам) 13,2%-ға артты. Бұл көрсеткіш тарихи-мәдени мұраға қызығушылықтың артқанын және туристік инфрақұрылымның дамып жатқанын көрсетеді.

Түркістан облысы тарихи және мәдени мұраға бай, ашық аспан астындағы өзіндік мұражай ретінде танылған. Облыс аумағында:

  • 1 700-ден астам тарих және мәдениет ескерткіші бар;
  • 251 орналастыру орны (қонақ үйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагерлері) қызмет көрсетеді;
  • 117 санаториялық-курорттық ұйым жұмыс істейді.

▪️Мәжіліс барысында Ертай Кенжебекұлы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді:

  1. Туристік бағыттарды жаңғыртып, мәдени, тарихи және экологиялық маршруттарды кеңейту;
  2. Халықаралық стандарттарға сай туристік инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасын арттыру;
  3. Жаңа жобалар мен іс-шаралар арқылы туристер ағынын 2025 жылы 1 миллионға жеткізу;
  4. Туризм саласында жергілікті тұрғындарды тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу;
  5. Заманауи цифрлық технологияларды енгізу арқылы туристік ақпараттық платформаларды дамыту.

▪️Сонымен қатар, облыста халықаралық деңгейдегі фестивальдер, спорттық турнирлер және мәдени шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде туристік өнімнің әртараптануына, өңірдің имиджін көтеруге және экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

▪️Жалпы алғанда, Түркістан облысының тарихи-мәдени туристік әлеуетін дамыту – бұл тек мәдени құндылықтарды сақтау мен насихаттау ғана емес, сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін стратегиялық бағыт.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫНА» ОРАЙ «ШАҢЫРАҚ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Mega Polis

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 469 ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫНДА ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

Mega Polis

САУРАНДА 500 ОРЫНДЫҚ ЗАМАНАУИ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Mega Polis