ИП "MEDIA"
Ақпарат Қоғам

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Аймақты дамыту» кеңесінің отырысы өтті. Жиынға филиал төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, филиал атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұлов, сондай-ақ кеңес мүшелері қатысты.

Кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы міндеттерді орындау жолдары, қаланың алдағы жылыту маусымына дайындығы және «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылуы кеңінен талқыланды.

Жиында Ербол Байқонысов «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбында баяндама жасады. Ал Рзабек Меңдіқұлов өңірлердің 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы мен партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.

Жиынды қорытындылаған Мұрат Жолдыхожаев:
– Партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген тармақтардың толық орындалуын қатаң бақылауға алуымыз қажет. Бұл – ел алдындағы басты міндетіміз, – деп атап өтті.

#AMANAT

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ ІШКІ КӨШЕЛЕР 100 ПАЙЫЗ ТҮНГІ ЖАРЫҚШАМДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Mega Polis

БОРЬБА С РЕКЛАМОЙ НАРКОТИКОВ: В ШЫМКЕНТЕ ЗАБЛОКИРОВАНО СВЫШЕ 1 ТЫСЯЧИ РЕСУРСОВ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ АХМЕДЖАН АНАРТАЕВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Mega Polis