ИП "MEDIA"
Ақпарат Қоғам

ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шымкенттің дамуына елеулі үлес қосқан еңбеккерлерге құрмет көрсетілді. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Айта кетейік, жыл бойы іске асырылған бастамалар жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруға және олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін дәріптеуге бағытталды. Қала әкімі атап өткендей, бұл бағыт Мемлекет басшысының «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидатына толық сәйкес келеді.

«Бүгін марапатталған әр азамат өз еңбегімен қаламыздың дамуына нақты үлес қосып отыр. Шымкент – еңбекқор адамдардың қаласы. Мегаполис әрдайым адал еңбектің нәтижесінде дамып келген және бұл дәстүр күні бүгінге дейін жалғасып келеді», – деген Ғабит Сыздықбеков қатысушыларға алғысын білдірді.

Іс-шара барысында кәсіби шеберлігін танытқан, жұмысына жауапкершілікпен қарап, жас ұрпаққа үлгі бола білген бірқатар азамат алғыс хаттармен марапатталды. Ғабит Сыздықбеков жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындарын құттықтап, әр отбасына мол бақыт, зор денсаулық пен молшылық тіледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

БІРЛІК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯҒА ҚАДАМ БАСТЫ: ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ЕЛДІҢ САЯСИ БАҒЫТЫ АЙҚЫНДАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Актер Мұрат Бисенбин 53 жасында өмірден өтті

Mega Polis