ИП "MEDIA"
Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар! Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді.

Әділдік, ізгілік, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік, үйлесімділік сияқты мәңгілік рухани құндылықтар христиан діні мен басқа да әлемдік дәстүрлі діндердің арқауы саналады.

Православ христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отаншылдық пен еңбекқорлыққа баулуға және олардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіруге елеулі үлес қосып келеді. Б

ірлік, тілектестік, өзара қолдау қағидаттары – мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі, барлық жетістіктеріміздің мызғымас негізі. Жұртымыз бір-біріне құрмет көрсетіп, сенім мен жанашырлық таныта отырып, әділдік және өсіп-өркендеу жолында алға қарай нық қадам жасай береді. Православ азаматтарға және барша халқымызға шын жүректен зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!

Әр үй құт-берекеге толсын!

t.me/aqorda_resmi

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – ел болашағына бастар құқықтық бағдар

ulanonlinejob_r46y8xlo

16 мая 2026 года в городе Туркестан состоится торжественная церемония запуска проекта по искусственному вызыванию осадковв Республике Казахстан — первого проекта подобного масштаба в Центральной Азии.

Mega Polis

КАСКАДНОЕ ОБУЧЕНИЕ ЧЛЕНОВ УЧАСТКОВЫХ ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ КОМИССИЙ В КЕЛЕССКОМ РАЙОНЕ

Mega Polis