ИП "MEDIA"
Ақпарат Жаңалықтар

Президент: Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуы бүкіл елді дүрліктірді

Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан астам өтініш келіп түсті.

Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр.

Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым.

Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді. Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс.

Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді.

Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды. Заң мен тәртіп – бәріне ортақ. Еліміздің әрбір азаматы заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиіс».

t.me/aqorda_resmi

Қатысты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Mega Polis

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН АУҒАНСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

Mega Polis

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУДАН-ҚАЛАЛАРЫНДА КӨРІСУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЧЕЛЛЕНДЖ ӨТТІ

Mega Polis