ИП "MEDIA"
Ақпарат Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА КҮНБАҒЫС МАЙЫН ӨНДІРУ ЦЕХЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округінде орналасқан индустриялық аймақта «Альбарака 077» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күнбағыс майын өндіру цехының құрылысы жүріп жатыр.

Жобаның жалпы инвестициялық құны 800,0 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын толық іске қосылғанда, 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Индустриялық аймақ аумағынан кәсіпорынға 3 гектар жер телімі бөлінген.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев күнбағыс майын өндіру цехының құрылыс алаңында болып, құрылыс барысы мен іске қосуға дайындық жұмыстарымен танысты. Нысанның белгіленген мерзімде іске қосылуын қамтамасыз ету қажеттігін айтып, сала мамандарына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Қазіргі таңда цехтың негізгі ғимаратының құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Күнбағыс майын өндіруге арналған заманауи технологиялық құрал-жабдықтарды орнату және іске қосу-баптау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жобаны 2026 жылдың І тоқсанында толық іске қосу жоспарланып отыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ОРДАБАСЫДА ЭЛЕКТР ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ МЕН ГЕНЕРАТОРЛАР ӨНДІРЕТІН ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

Mega Polis

Послы перемен: молодёжь Шымкента выступила за Закон и Порядок

Mega Polis

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫ

Mega Polis