ИП "MEDIA"
Басты жаңалықтар Қоғам

«Парасат» колледжінің ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады

Шымкент қаласындағы «Парасат» колледжінің ұжымы елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларға орай бас қосып, жаңа Конституция бойынша кездесу өткізді.


Іс-шара барысында Орталық Азия инновациялық университеті «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Әділбек Қаныбеков баяндама жасап, Ата Заңның жаңа редакциясында ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде қазіргі жаһандық геосаяси өзгерістер, ғылым мен технологияның қарқынды дамуы, сондай-ақ қоғам сұраныстарының жаңа деңгейге көтерілуі құқықтық жүйені жаңғыртуды талап ететінін атап өтті.


Спикердің айтуынша, қолданыстағы Конституция өз кезеңінде тарихи міндетін абыроймен атқарды. Алайда цифрлық дәуір жағдайында жаңа құқықтық нормалар қажет. Әсіресе білім мен ғылым саласына ерекше назар аударылуы адам капиталын дамытуға тың серпін бермек.
Жиын барысында жаңа Конституция жобасында дәстүрлі ұлттық құндылықтарды сақтау, отбасы институтын нығайту бағытында жүйелі өзгерістер қарастырылғаны айтылды. Қатысушылар бұл бастамаларды қоғам дамуының маңызды қадамы ретінде бағалады.


Іс-шара соңында колледж оқытушылары мен студенттері Конституциялық реформаға қолдау білдіріп, ел азаматтарын 15 наурызға белгіленген бүкілхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ЖАНДАНАДЫ

Mega Polis

Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда

Mega Polis

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИНДУСТРИЯЛЫҚ СЕРПІН ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР КЕЗЕҢІ

Mega Polis