ИП "MEDIA"
Жаңалықтар Спорт

Шымкентте стенд атудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтуде

Шымкент қаласында стенд атудан 2010 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Ел біріншілігіне Қазақстанның түрлі өңірлері мен қалаларынан келген 120-ға жуық жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтауда.

Чемпионаттың негізгі мақсаты – жас мергендердің шеберлігін шыңдау, тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және болашақта халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын талантты спортшыларды анықтау. Жарыс барысында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Қазақстан Республикасының жасөспірімдер ұлттық құрамасына іріктеліп, алдағы халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кету керек, стенд ату – дәлдік пен төзімділікті, жоғары шеберлікті талап ететін олимпиадалық спорт түрлерінің бірі. Осыған байланысты республикалық деңгейде ұйымдастырылатын мұндай жарыстар жас спортшылардың кәсіби деңгейін арттыруға, спорттық тәжірибесін молайтуға және жаңа таланттарды анықтауға үлкен мүмкіндік береді.

Жарыс Шымкент қаласы Тұран ауданы, Қазығұрт шағын ауданы, Қазыналы көшесі, 90 мекенжайында орналасқан «Эльдорадо» ату алаңында өтуде.

Чемпионат 15 наурыз күні өз мәресіне жетеді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы медальдар мен дипломдармен марапатталады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛЫП, ТҰРҒЫНДАР «КӨГІЛДІР ОТЫНМЕН» ҚАМТЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША ҮЗДІК ҮШТІК ҚАТАРЫНДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

Mega Polis