ИП "MEDIA"
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте «Айбын–2026» әскери-патриоттық сайысы өз мәресіне жетті

Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен 6506 Ұлттық ұлан әскери бөлімінің «Ақтас» оқу-жаттығу орталығында техникалық, кәсіптік және орта білім беру мекемелерінің студенттері арасында өткен екі күндік «Айбын–2026» әскери-патриоттық сайысы қорытындыланды.

Ауқымды іс-шараның басты мақсаты – жастардың патриоттық рухын көтеру, әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру, тәртіп пен жауапкершілікке баулу, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Екі күнге созылған сайыс барысында қатысушылар әскери дайындық, саптық жүріс, командалық үйлесімділік, қару-жарақты шашып-жинау, спорттық эстафеталар және түрлі әскери-патриоттық кезеңдер бойынша өзара бақ сынады. Студент жастар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен төзімділікті көрсетіп, нағыз командалық рухты паш етті.

Сайыс нәтижесі бойынша үздік командалар анықталып, жеңімпаздар арнайы марапатталды:

🥇 І орын – Жол көлік колледжі
🥈 ІІ орын – Қазақстан жоғары медициналық колледжі
🥉 ІІІ орын – М. Тынышбаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжі

Ұйымдастырушылар жеңімпаз командаларды құттықтап, барлық қатысушыларға белсенділік танытып, жоғары дайындықпен қатысқандары үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, «Айбын–2026» әскери-патриоттық сайысы жастар арасында отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеуге, әскери қызметтің беделін арттыруға және ел болашағы болатын жас буынның рухани-азаматтық қалыптасуына бағытталған маңызды алаңдардың бірі саналады.

Ел болашағы – білімді, жігерлі әрі отансүйгіш жастардың қолында!

Қатысты жаңалықтар

Серік Егізбаев: «Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

Mega Polis

ЛЕГИСЛАТИВНЫЕ АСПЕКТЫ И ОПЕРАЦИОННАЯ ТРАНСПАРЕНТНОСТЬ

Mega Polis

Шымкентте жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды іс-шара өтті

Mega Polis