ИП "MEDIA"
Жаңалықтар Қоғам

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА «ҮЗДІК КЕЛІН– 2025» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ДИНАРА ОРАЛОВА ОТБАСЫМЕН БІРГЕ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА «ҮЗДІК КЕЛІН– 2025» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ДИНАРА ОРАЛОВА ОТБАСЫМЕН БІРГЕ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Кентау қаласы, Байылдыр ауылында Nº48 дауыс беру учаскесіне Кентау қалалық келіндер сайысының жеңімпазы, ауылдың үлгілі келіні Динара Оралова өз отбасымен келіп, бүгінгі референдумда өз таңдауларын жасады.

«Әрбір азаматтың ел болашағына бей-жай қарамай, өз таңдауын жасап, дауыс беруі – үлкен жауапкершілік деп ойлаймын. Мен де осы жауапкершілікті терең сезініп, референдумға өз отбасыммен келіп таңдау жасадым. Себебі әрбір дауыс – мемлекетіміздің ертеңгі дамуына қосылған үлес. «Үздік келін – 2025» байқауының жеңімпазы ретінде қоғамдағы белсенділік пен азаматтық ұстанымның маңызын жақсы түсінемін. Келін тек бір әулеттің ғана емес, бүкіл қоғамның тәрбиелік құндылықтарын насихаттайтын тұлға деп есептеймін. Сондықтан бүгінгі таңда ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте шетте қалмай, өз азаматтық борышымды орындау – мен үшін үлкен мәртебе. Барша қазақстандықтарды да белсенді болуға, өз таңдауларын жасауға шақырамын»-деді қала тұрғыны.

Айта кетейік, Кентау қаласында 35 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Қалада 56 099 азамат дауыс беру құқығына ие.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

«Жас сарбаз» – ел қорғаны болуға ұмтылған жастардың ерлік мектебі

Mega Polis

Шымкентте әлеуметтік санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 250 ОРЫНДЫҚ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Mega Polis