ИП "MEDIA"
Аймақ Басты жаңалықтар Жаңалықтар

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

Аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін тыңдап, оларды шешу жолдарын қарастыру мақсатында әр аптаның сәрсенбі күні аудан әкімі Асқар Естібаев азаматтарды жеке қабылдауды дәстүрге айналдырған.
Бүгін де осы үрдіс жалғасып, аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, олардың арыз-өтініштеріне назар аударды.
Қабылдау барысында азаматтар тарапынан бірқатар маңызды әлеуметтік мәселелер көтерілді. Әсіресе, күннің жылынуына байланысты балалардың қауіпсіз әрі сапалы уақыт өткізуі үшін заманауи ойын алаңшаларын салу қажеттілігі айтылды. Аудан әкімі бұл ұсынысты қолдап, алдағы уақытта балалар ойын алаңшасы салынатынын жеткізді.
Сонымен қатар, шалғай ауылдардан келген тұрғындар спорт алаңдарын, мәдениет үйлерін және кітапханалар салу мәселесін көтерді. Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысының 2029 жылға дейін мәдениет үйлері мен спорт кешендерін салуға енгізілген мораторий аясында уақытша тоқтатылғанын, аталған нысандардың құрылысы 2029 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын түсіндірді.
Бұдан бөлек, қабылдауға келген азаматтар жер құжаттарын рәсімдеу, баспана мәселесі, жұмыссыздық, бір реттік әлеуметтік көмек алу, «қызыл сызықтағы» құрылыс, электр бағаналарын жаңарту, көпір салу және тазалық мәселелері сияқты өзекті сұрақтарды ортаға салды. Әрбір мәселе тиісті сала мамандарының қатысуымен қаралып, нақты шешу жолдары талқыланды.
Аудан әкімі күрделі мәселелер бойынша жауапты мамандармен бірге тиісті орындарға барып, жағдайды көзбен көріп, нақты шешім қабылданатынын атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ НАЗАРДА: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ КЕШЕНДІ ШАРАЛАР

ulanonlinejob_r46y8xlo

КӨРІСУ МЕРЕКЕСІ ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСТЫ

Mega Polis

ШЫМКЕНТТЕ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЮДЕ: «ҚАРАСОРА-2025» АРНАЙЫ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз