ИП "MEDIA"
Жаңалықтар Қоғам

Шымкент қаласында оқушыларға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласының прокуратурасы үйлестіруімен Әл-Фараби ауданы аумағында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында кезекті құқықтық сабақ ұйымдастырылды. Іс-шара №15 мектеп-лицейінде өтіп, оған білім беру ұйымының оқушылары қатысты.

Аталған кездесудің негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң алдындағы жауапкершілігін түсіндіру болды.

Құқық қорғау органдарының өкілдері оқушыларға Қазақстан Республикасының заңнамалары аясында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Ашық форматта өткен сабақ жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заң талаптарын құрметтеуге бағытталды.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бұл өз кезегінде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға және қоғамда заң үстемдігін нығайтуға ықпал етеді.

Дереккөз: Шымкент қаласының прокуратурасы

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАППАЙ ТӨБЕЛЕС: БІР АДАМ ҚАЗА ТАУЫП, БЕС КҮДІКТІ ІЗДЕСТІРІЛУДЕ

Mega Polis

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ТҮЛКІБАСТА 77,6 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 32 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа ғана сөз сөйлеген құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты. Құрылтайдың аясында пайдалы пікір алмасулар болды. Барлығы еліміздің дамуына қажетті болатынына сенемін.

Mega Polis