ИП "MEDIA"
Соңғы жаңалықтар

Сайлауға қатысу – туған өлкеміздің жарқын болашағы үшін

Сайлауға қатысу – туған өлкеміздің жарқын болашағы үшін

Мен, Түлкібас ауданының тұрғыны ретінде, барша жерлестерімді сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Сайлау – әр азаматтың өз елінің, өз өңірінің болашағына бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды қадам.

Біздің Түлкібас ауданы жылдан-жылға дамып, көркейіп келеді. Бұл жетістіктердің жалғасуы халықтың белсенділігіне, бірлігіне және саналы таңдауына байланысты. Әрбір дауыс – ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жастардың болашағына, білім мен денсаулық сақтау саласының өркендеуіне қосылған үлес.

Сайлауға қатысу – тек конституциялық құқық қана емес, азаматтық жауапкершілік. Өз таңдауымыз арқылы туған өлкеміздің ертеңіне ықпал етіп, әділетті әрі тұрақты қоғам қалыптастыруға атсалысамыз.

Құрметті Түлкібас ауданының тұрғындары! Белгіленген күні сайлау учаскесіне барып, өз таңдауыңызды жасаңыздар. Әрбір дауыс маңызды. Туған өлкеміздің өсіп-өркендеуі мен еліміздің жарқын болашағы өз қолымызда.

Болашағымыз үшін бірге таңдау жасайық! Кәрім Байболов

Қатысты жаңалықтар

23 ТАМЫЗ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР БІРЛІК КҮНІ

Mega Polis

Қазақстандықтар АИ-92 бензині мен автогаз қымбаттауына шағым түсіре алатын жедел желі ашылды

Mega Polis

ПОРЯДОК И ПРАВО — ОСНОВА БЕЗОПАСНОЙ ЖИЗНИ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз