ИП "MEDIA"
Аймақ Соңғы жаңалықтар

«ЖАСЫЛ ШЫМКЕНТ – ТАЗА ҚАЛА»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ПЕН КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ.

Елімізде экологиялық мәдениетті нығайту және тазалықты сақтау мақсатында ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүгінде Шымкент қаласында да көптеген ауқымды жұмыс атқарылып жатыр.

Еңбекші ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 35-тен астам сенбілік ұйымдастырылып, оған 50-ге жуық мекеме мен ұйымның қызметкері, сондай-ақ 15 мыңға жуық тұрғын қатысқан. Бұл шараларда 80-нен аса арнайы техника жұмылдырылып, 1500-ден астам жасыл желек, ағаш көшеті егілді.

Еңбекші ауданында өткен сенбіліктер шынайы бірлік пен ынтымақтың белгісіне айналды. Табиғатты аялауға арналған бұл бастамаларға білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және кәсіпкерлік саласының өкілдері белсенді түрде атсалысты. Қоғам болып атқарылған бұл іс-шаралар қала тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, таза әрі жайлы өмір сүруге деген ұмтылысын айқын көрсетіп келеді.

Сенбілік – бұл жай ғана тазалық шарасы емес, қоғамдағы өзара түсіністік пен ортақ мақсатқа жұмылудың айғағы. Мұндай бастамалар қаланың экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға да зор үлес қосып отыр.

Қатысты жаңалықтар

ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ШЫМКЕНТТЕ ЕСІРТКІ НАСИХАТЫНА ҚАРСЫ ТИІМДІ ІС-ҚИМЫЛ ЖҮРГІЗІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ГАЗДЫҢ ШЫҒУ ҚАУПІН АНЫҚТАЙТЫН ЗАМАНАУИ МОБИЛЬДІ ЗЕРТХАНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕГІСТІК АЛҚАПТАР ҰЛҒАЙЫП, ӨНІМДІЛІК АРТҚАН

Mega Polis

Пікір қалдырыңыз