ИП "MEDIA"
Аймақ Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫНАН  АЗИЯ, ЕУРОПА ЕЛДЕРІНЕ ТІКЕЛЕЙ ҚАТЫНАЙТЫН РЕЙСТЕР АШЫЛДЫ

Шымкентте жеті қалаға тікелей халықаралық әуе рейстері ашылды.

Енді жергілікті тұрғындар Алматы, Астана қалаларына сабылмай алыс-жақын шетелдерге халықаралық Шымкент әуежайынан ұша алады.

SCAT компаниясы тағы да бірнеше бағытқа әуе рейсін ашып, нәтижесінде  жолаушылар Азия, Еуропа елдеріне тікелей қатынайтын болды.

Нақтырақ айтсақ, халықаралық Шымкент әуежайынан 5 елдің 7 қаласына, яғни Мажарстан, Германия, Корея, Қытай және Египетке тікелей рейспен ұшуға мүмкіндік бар. Алғашқы рейс Мюнхен мен Будапешт бағытына ұшады.

Айта кету керек, әуе рейстерінің ашылуы Шымкентке келетін туристердің артуына тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда SCAT әуекомпаниясында 37 ұшақ бар. Оның 22-сі ішкі қатынасты қамтамасыз етсе, қалған 15 ұшақ шет мемлекеттерге қатынайды.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЖАРЫСТАР ӨТТІ

Mega Polis

ПОРЯДОК И ПРАВО — ОСНОВА БЕЗОПАСНОЙ ЖИЗНИ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЮДЕ: «ҚАРАСОРА-2025» АРНАЙЫ ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз