ИП "MEDIA"
Аймақ

ШЫМСИТИ ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымситидегі тұрғын үйлерде интернет байланысы тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Бұл — «Кселл» АҚ тарапынан тұрғындармен өзара келісім негізінде орнатылған базалық станцияның нәтижесі.
Базалық станциялар барлық тиісті заң талаптарына сай орнатылып, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің рұқсаты негізінде іске қосылды. Атап айтқанда, станцияны қосу үшін электромагниттік өріс (ЭМИ) деңгейіне жүргізілген есептеулер, санитариялық-қорғау аймағының шекаралары мен құрылыс қоршау аймағының жобалық құжаттары әзірленіп, құзырлы органдар тарапынан оң қорытынды алынған.
Қазіргі уақытта станциялар қалыпты режимде жұмыс істеп, Шымсити шағын ауданының тұрғындарын сапалы мобильді байланыс және интернетпен қамтамасыз етіп отыр. Бұл әсіресе онлайн жұмыс, оқыту, цифрлық қызметтерді пайдалану және күнделікті өмірде байланыста болу үшін аса маңызды.
Айта кету керек, егер базалық станция алынып тасталатын болса, байланыс сапасы айтарлықтай төмендейтінін ескертеміз. Сондықтан да тұрғындардың қолдауымен орнатылған бұл инфрақұрылым — бүгінде заманауи қалалық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды.
Цифрлық қолжетімділік – жайлы өмірдің кепілі!

Қатысты жаңалықтар

ЭТНОМЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚТЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ПОЛИЦИЯСЫ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛЫН ТОҚТАТТЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫ АРТТЫРУ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз