ИП "MEDIA"
Аймақ Қоғам

МЕГАПОЛИСТЕ МЕДИЦИНА МҮМКІНДІКТЕРІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласының әкімдігі Денсаулық сақтау министрлігі және Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығымен бірлесіп, «Денсаулық сақтауды өңірлік дамытудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасын» дайындады.

Құжаттың басты ерекшелігі мұндай бағдарлама елімізде тұңғыш рет әзірленіп отыр. Келешекте бұл бастама басқа да өңірлерде қолданылмақшы. Бағдарлама аймақтарда денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру мен жетілдіруге бағытталған кешенді тәсіл болмақ.

Бағдарламада көрсетілген мақсаттарға сәйкес, Шымкентте денсаулық сақтаудың соңғы стандарт үлгісіне сай келетін заманауи клиникалар салынады. Атап айтқанда, қалалық перинаталдық орталық, қалалық көпбейінді екі аурухана, мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында бес емхана бой көтереді.

Шымкент жоғары медициналық колледжі заманауи виртуалды симуляциялық жабдықтармен, тренажер кешендерімен, интерактивті жүйелермен жабдықталады.

Биыл мамыр айында қалалық ден¬саулық сақтау басқармасы еліміздегі 13 жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен, ғылыми орталықтарымен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Кең көлемді келісім жергілікті емдеу мекемелеріне жоғары технологияларды енгізуге, күрделі хирургиялық операцияларды жүргізуге, медициналық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Қатысты жаңалықтар

«ЖАСЫЛ ШЫМКЕНТ – ТАЗА ҚАЛА»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ПЕН КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ.

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ: МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША 30-ҒА ЖУЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗУ ЖОСПАРЛАНҒАН

ulanonlinejob_r46y8xlo

ГАЗДЫҢ ШЫҒУ ҚАУПІН АНЫҚТАЙТЫН ЗАМАНАУИ МОБИЛЬДІ ЗЕРТХАНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз