ИП "MEDIA"
Аймақ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰТАСТЫҒЫ – ЗАҢДЫҚ ТАЛАП

Соңғы жылдары кейбір өңірлерде жеке тұлғалар тарапынан елдің аумақтық тұтастығына қарсы, бөлініп шығуға үндейтін әрекеттер тіркелді. Мұндай заңсыз әрекеттер мемлекет мүддесіне, қоғам тұрақтылығына және Конституциямен бекітілген негізгі қағидаттарға қайшы келеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабы 2-тармағына сәйкес, Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағына қолданылады және мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын әрі бөлінбеуін қамтамасыз етеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабында елдің аумақтық тұтастығын бұзуды, мемлекетті ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды сақтау не тарату – он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеледі. Бұл жаза Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру шарасымен де қатар қолданылуы мүмкін.

Конституцияның 12-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және кепілдік беріледі, алайда оларды жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, сондай-ақ конституциялық құрылысқа және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.

Маңыздысы, аталған құқық бұзушылықтардың ескіру мерзімі болмайды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 39-бабы 1-бөлігі және 71-бабы 6-бөлігінің 1-тармағы).

Мемлекет аумақтық тұтастықты сақтау – әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін еске салады. Заң бәріне ортақ және оны бұзудың салдары заң аясында қатаң қаралады

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 70-ТЕН АСА ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

МЕГАПОЛИСТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАҒЫ АЗАМАТТАРҒА 333 ГРАНТ ТАБЫСТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз