ИП "MEDIA"
Аймақ

Түркістан облысындағы қасіретті өрт: көршінің көз алдында болған қайғылы сәттер

Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы екі қабатты үйден шыққан өрттің қалай болғанын көршілердің бірі айтып берді. Оның сөзінше, оқиға әп-сәтте өршіп, тұрғындар қолынан келген көмекті жасауға тырысқанымен, жалын адамдарды құтқаруға мүмкіндік бермеген.

Көршісі Ханымай Жүнісованың айтуынша, ол көшеге шыққан сәтте бір әйелдің жанұшыра айқайлағанын естіген.

— Сағат бестен кейін сыртқа шықтым. Кенет бір келіншек жанталасып “Жәрдем беріңдер!” деп айқайлап жатыр екен. Қарасам, қолы лапылдап жанып жатыр. Жүгіріп барып, адамдарды шақырдым. “Адам бар, бала бар!” деп айқайладым. Үйдің іші түтінге толып, кірерге мүмкіндік болмады. Бір көрші кірмек болып, аяғын сындырып алды. Өрт сөніп болғанда бәрі жанып кеткенін көрдік. Терезеден айқайлаған әйел шыға алмай қалды. Егіз балалар, кішкентай сәби – ешқайсысы аман қалмады. Осы көрініс көз алдымнан кетпейді, – деп күрсінді көрші әйел.

Ханымай Жүнісова бұл отбасы туралы да айтып өтті. Оның сөзінше, үйде Оразгелді есімді азамат, Дәурен деген тұрғын, сондай-ақ Базаргүл атты мейірімді келіншек тұрған.

— Қолымнан келгенше бәріне жәрдем сұрадым. Бірақ от қатты болды. Қып-қызыл жалын бәрін шарпып кетті.  Өрттен кейін түнде ұйықтай алмай жүрмін. Келіншектің шыңғырып жылағаны – өте ауыр, – деп сөзін аяқтады.

Қатысты жаңалықтар

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ПЕН МАНИПУЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ ТОСҚАУЫЛ: ШЫМКЕНТТЕГІ КЕШЕНДІ ШАРАЛАР

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ «ЕСІРТКІ – ЗҰЛЫМ!» ІС-ШАРАСЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫ АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЖАЛҒАН АҚПАРАТПЕН КҮРЕС: ЗАҢДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ШЫМКЕНТТЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫ КӨТЕРУ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз