ИП "MEDIA"
Соңғы жаңалықтар Экономика Қоғам

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАППАЙ ТӨБЕЛЕС: БІР АДАМ ҚАЗА ТАУЫП, БЕС КҮДІКТІ ІЗДЕСТІРІЛУДЕ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте 40 жастағы ер адамның қаза болуымен аяқталған жаппай төбелеске байланысты күдіктілерге іздеу жарияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға барысында екі адам жарақат алып, бір адам көз жұмған. Марқұмның мәйіті қалалық ауруханалардың бірінің автотұрағына тасталып кеткен. Құқық қорғау органдарының дерегінше, күдіктілер қала аумағында жасырынған болуы мүмкін. Қазір жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, күдіктілерді анықтау және ұстау бағытында барлық қажетті күш жұмылдырылған. Бейресми дереккөздерде қаза тапқан 40 жастағы Василий Колесниковтың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы ақпарат тарады. Айтуларынша, ол адам өлтіргені үшін жаза өтеген және қылмыстық топтың мүшесі ретінде есепте тұрған. Алайда бұл мәліметтерге ресми органдар әзірге түсініктеме берген жоқ. Полиция күдікті ретінде бес адамды іздеуге жариялады.
Олар: — Арысбаев Максут Асилханович, 1990 жылы туған;
— Қуандыков Жанділда Дүйсенбіұлы, 1991 жылы туған;
— Кызбалаев Дархан Алматович, 1988 жылы туған;
— Дауласов Марат Каллыбекович, 1983 жылы туған;
— Инкарбеков Рауан Муратбекович, 1986 жылы туған.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмейді. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы қылмыстық іс аясында анықталады.

Қатысты жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАСЫ АСЛАМБЕК МЕРҒАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Mega Polis

Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді — Бақыт Нұрмұханов

ulanonlinejob_r46y8xlo

КЛУБ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз