ИП "MEDIA"
Аймақ Басты жаңалықтар Жаңалықтар Мәдениет

БИЫЛ ТҮЛКІБАСТА 500 ГЕКТАР АЛҚАПҚА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНГІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА

Жыл сайын әлемде, оның ішінде елімізде де су тапшылығы өзекті мәселелердің біріне айналып келеді. Бұл жағдай егін және мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар үшін кәсібін дамытуға айтарлықтай кедергі келтіруде.
Осыған байланысты тіршілік нәрін үнемдеп, егін өнімділігін арттыру мақсатында биыл Түлкібас ауданында 6 ірі шаруашылық 500 гектар алқапқа су үнемдеу технологиясын енгізуді жоспарлап отыр.

Атап айтқанда⤵️⤵️⤵️

✅ «Кен Тау» ЖШС – 50 га;
✅ «Алмалы сай» АӨК – 50 га;
✅ «Бірлік» ШҚ – 125 га;
✅ «Қызыл Жар» ЖШС – 146 га;
✅ «Елена и К» ӨК – 42 га;
✅ «Мақұлбек» ЖШС – 115 га.

Айта кету керек, аталған шаруашылықтар су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсалған шығындардың 80 пайызына дейін мемлекет тарапынан қолдау шаралары арқылы өтемақы ала алады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан аумағында 278 гектар егістік алқап пен жеміс бауларына су үнемдеу технологиясы енгізілген. Бұл жүйені енгізуге қызығушылық танытқан шаруалар қатары көп болғанымен, ауданның таулы аймаққа жатуына байланысты жер бедерінің тегіс болмауы кедергілер туындатуда дейді мамандар.
Жалпы, аудан көлемінде тамшылатып суару технологиясы кеңінен қолданылып келеді. Қазіргі таңда Түлкібас ауданында 3 мың гектардан астам алма бау бар болса, соның 700 гектары тамшылатып суару әдісі арқылы жоғары өнім беруде. Биыл бұл көрсеткіш «Кен Тау» ЖШС мен «Алмалы сай» АӨК есебінен тағы 100 гектарға ұлғаймақ.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КҮШЕЙТІЛЕ ТҮСТІ

Mega Polis

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ – ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ: ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫН КӨТЕРУ ШАРАЛАРЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚЫТАЙ САПАРЫ: ОРДАБАСЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ АЛЫП ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН КӨЗБЕН КӨРІП, АГРОТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІН БАҒАМДАДЫ

Mega Polis

Пікір қалдырыңыз