ИП "MEDIA"
Аймақ Басты жаңалықтар Жаңалықтар Технология Экономика

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ТҮЛКІБАСТА 77,6 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 32 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ

📍Түркістан облысындағы табиғаты бай Түлкібас ауданы ауыл шаруашылығы мен туризмді дамытуға қолайлы өңірлердің бірі. Ауданда әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету, халықты жұмыспен қамту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында ауқымды жобалар қолға алынған. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында айтылды.

▪️Биыл Түлкібас ауданында жалпы құны 77,6 млрд теңгені құрайтын 32 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 1200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 19,1 млрд теңгені құрайтын 9 жоба іске асып, 212 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Өнеркәсіп саласында 49,2 млрд теңгеге 5 жоба қолға алынған. Нәтижесінде 545 жаңа жұмыс орны құрылады. Туризм саласында 7 жоба іске асырылмақ. Жобалардың жалпы құны 6,9 млрд теңгені құрап, 318 адамды жұмыспен қамту көзделуде. Одан бөлек, шағын және орта кәсіпкерлік саласында 11 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жобалардың жалпы құны – 2,1 млрд теңге. Нәтижесінде 147 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Осылайша, биыл Түлкібас ауданында бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылып, өңірдің дамуына серпін бермек.

▪️Айта кетейік, өткен жылы ауданда инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жалпы құны 46 млрд теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылып, нәтижесінде 542 жаңа жұмыс орны құрылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЗАҚСТАН – ҚЫТАЙДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕДЕ ӨЗ ӘЛЕУЕТІН ТАНЫТТЫ: ЖАҢА СЕРІКТЕСТІК КӨКЖИЕГІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЗАҚСТАН ЭСТРАДАСЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАУ ҮШІН БІРІКТІ – «ХАЛЫҚТЫҢ АТА ЗАҢЫ» ХАЛЫҚ ӘНҰРАНЫ

Mega Polis

Пікір қалдырыңыз