ИП "MEDIA"
Аймақ Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ТІЛІКСІЗ, ОТАСЫЗ ОМЫРТҚА ЖАРЫҒЫНА (ГРЫЖАҒА) ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ!

Бұрын мұндай диагноз қойылған науқастарға ашық нейрохирургиялық операция жасалатын. Емделу, жазылу кезеңі ұзаққа созылатын.

Енді Шымкент қалалық №2 ауруханасында заманауи радиожиілікті абляция әдісімен омыртқа жарықтарын ешқандай тіліксіз, отасыз емдеу мүмкін болды. Бұл әдіс жүйке талшықтарына әсер етіп, ауырсынуды туғызатын жүйкелерді күйдіру арқылы жүзеге асады.

Артықшылықтары:

  • Тілік пен тігіс жоқ
  • Қалпына келу кезеңі қысқа
  • Науқас 1-2 күнде үйіне шығады
  • Экономикалық жағынан тиімді

Бұл жоғары технологиялық отаны алғаш болып нейрохирург Сансызбаев Айбол Батырханұлы сәтті орындады.

Бұл — өңіріміздегі медицина жетістігінің жарқын үлгісі!

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 512 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Mega Polis

23 ТАМЫЗ – ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ КҮНІ!

Mega Polis

Мақтаарал ауданында ерекше қолдауды қажет ететін азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Mega Polis

Пікір қалдырыңыз