ИП "MEDIA"
Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

2025 жылғы 27 маусымда Шымкент қаласында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға қала әкімі қатысып, ақпараттық сала мамандарын айтулы күнмен құттықтады.

Мерекелік жиын барысында бұқаралық ақпарат кеңістігінің дамуына сүбелі үлес қосқан үздік журналистер, операторлар, редакторлар мен медиа саласының басқа да өкілдері ерекше атап өтіліп, олардың кәсіби еңбектеріне алғыс білдірілді.

Салтанатты рәсім аясында бірқатар БАҚ өкілі Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалармен марапатталды. Марапаттар кәсіби шеберлік, азаматтық жауапкершілік пен ақпараттық саладағы адал еңбек үшін табысталды.

Қала әкімі өз сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өміріндегі маңызын айрықша атап өтті. Ол журналистердің қызметі тек кәсібилікті ғана емес, сондай-ақ жоғары азаматтық ұстанымды талап ететінін жеткізді. БАҚ өкілдері маңызды ақпаратты жедел әрі сенімді жеткізу, қоғамдық пікірді қалыптастыру және өзекті мәселелерді жария ету арқылы ашық, демократиялық қоғамды нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Іс-шара соңында ақпарат саласы қызметкерлеріне шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт және әділдік пен ақиқат жолында адал қызмет ету жолында толағай жетістіктер тіленді.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТОҚАЕВ «ЖАСТАР» САЯБАҒЫНДА АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ: ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – БОЛАШАҚҚА АМАНАТ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Қазақстанда ауруларды ерте анықтаған дәрігерлерге үстемақы төленеді

Mega Polis

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ГРУЗИЯ ХАЛҚЫН ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз